Жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасалғанға дейін тараптар мәміленің шарттары бойынша келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік объектісінің құқықтық тарихына жан-жақты тексеру жүргізіледі, оның ішінде қазіргі меншік иесінің объектіні қандай негізде иеленгені зерделенеді.
Тексеру барысында объектіге ауыртпалықтардың бар-жоғы, оның заңды түрде сатып алынғаны, сондай-ақ талап қою мерзімі аяқталмаған жағдайда үшінші тұлғалардың мәмілені даулау мүмкіндігі сияқты мәселелер қарастырылады.
Қажетті құқық белгілейтін құжаттар мен техникалық құжаттама сұратылады. Тексеру нәтижелері бойынша мәмілені жүргізу тәртібі мен оның құқықтық құрылымы айқындалады. Одан кейін шарт немесе қажетті шарттар топтамасы дайындалып, жылжымайтын мүлікке құқық мемлекеттік тіркеуден өткізіледі.