Дербес деректер Пайдаланушы Сайттағы формаларды толтырған сәтте жиналады: кері байланыс формалары, консультацияға жазылу формалары, жазылым формалары және өзге де интерактивті элементтер.
Оператор мыналарға міндеттенеді:
- дербес деректерді тек мәлімделген мақсаттарда өңдеуге және оларды Пайдаланушының қосымша келісімінсіз өзге мақсаттарда пайдаланбауға;
- дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болатын мерзімнен немесе ҚР заңнамасында белгіленген мерзімнен ұзақ сақтамауға;
- «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
- Пайдаланушының талабы бойынша немесе сақтау мерзімі өткеннен кейін оның дербес деректерін жоюға немесе иесіздендіруге.
Заң қызметтерін көрсетуге арналған шарт шеңберінде ұсынылған дербес деректерді сақтау мерзімі шарттың қолданылу мерзімімен және ҚР-дың мұрағат ісі мен құжаттама туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кейінгі мұрағаттық сақтаумен айқындалады.